Жыныстық және жендерлік (гендерлік) азшылық туралы жиі қойылатын сұрақтар

 

ЛГБТИК+: Лесбиян, гей, бисексуал, трансжендер, интерсекс, күийр және басқа сөздердің қысқартылып берілген формасы. «ЛГБТИК+» деген сөз жыныстық және жендерлік азшылықтарды толық білдіретін мағынада қолданылатындықтан, дұрыс атау болып саналады.

 

Жыныстық бағдар деген не?

Жыныстық бағдар:

  • қарсы (гетеросексуал, яғни стрэйт)
  • бірдей (ер адамдар – гей, әйел адамдар – лесбиян)
  • қос жынысты (бисексуал) адаммен

сезім, махаббат, сүйіспеншілік, сексуалдық тұрғыда жарасып, онымен жақын қарым-қатынаста болатын әр адамның ішкі қасиеті болып табылады.

Жыныстық бағдардың биологиялық, яғни туа біткен және эпигенетикалық екендігі дәлелденген.

 

Жендерлік бағдар (сәйкестік), жендерлік сипат деген не?

Жендерлік бағдар дегеніміз әр адамның өзінің жеке тұлға ретінде, дүниеге келгенде, танылған жынысына:

  • бірдей, ұқсас (сизжендэр),
  • өзгеше немесе қарама-қарсы (трансжендэр) жынысты терең сезіну түйсігі және өзінің ағзасын сезінуі.

Нонбайнари – өзін әйелге де, еркекке де жатқызбайтын, не болмаса, керісінше, өзін әйел сияқты да, еркек адам сияқты да сезіне алатын адамдарға берілген халықаралық атау.

 

Жендерлік сипат (көрініс) адамның өзін-өзі алып жүруінен байқалады. Мәселен, кейбір адамдарда әйелге тән белгілер байқалса, кейбір адамдарда еркектік сипат басым болады. Ал кейбір адамдардың сыртынан қарап, жынысын анықтау мүмкін емес болады. Адамдардың сыртқы сипатына, яғни олардың киім киісіне, шаш қою үлгісіне, дауысына, дене бітіміне қарай жынысын ажыратуға болады.

 

Жендерлік сәйкестік, жендерлік сипатты жыныстық бағдармен шатастыруға болмайды. Өйткені сизжендер адамдардың әртүрлі жыныстық бағдары болатындығы сияқты, трансжендерлерде де түрлі жыныстық бағдарлар болады.

 

«ЛГБТИК+» деген қандай сөздердің қысқарған түрі?

«ЛГБТИК+» деген жыныстық азшылыққа қатысты халықаралық қалыптасқан атаулардың қысқарған түрі.

  • Лесбиян – әйелдермен серік болуды қалайтын әйелдер, яғни бірдей жыныстық бағдардағы әйелдер.
  • Гей – ер адамдарға көңілі ауатын еркектер, яғни бірдей жыныстық бағдардағы ер адамдар (Бірдей жыныстағы адамдарды «гей» деп жалпылама атайтын кездер де болады)
  • Бисексуал – өз махаббатын әйелге де, ерге де арнай алатындар, яғни қай-қай жынысты адамдарға да бағытталған жыныстық бағдардағы адамдар.
  • Транс – өзінің жынысын туа бітті биологиялық жынысынан басқаша немесе қарама-қарсы түрде сезінетін және өз жынысын сол сезінуі бойынша танытатын адамдар.
  • Интерсекс – жыныстық белгісіздік, яғни жендер, гормондар және анатомиялық факторлар қатарлы жыныстың алғашқы және екінші жыныстық сипаттамалары адамның биологиялық жынысының еркек немесе әйел екендігін түсініксіз етуі мүмкін. Хромосомалары, жыныс бездері және жыныс мүшелері тұрғысынан өздерінің қандай жынысқа жататындығын тікелей көрсете алмайтын адамдар.
  • Күийр – жыныстық бағдарына және жендерлік сәйкестік, сипатына қарай азшылықты жалпылай «ЛГБТИК+» немесе «күийр» деп атайды. Шығу тарихы жағынан «КҮИЙР» деген сөз алғашында келемеждеу, мазақтау мағынасында қолданылғанымен, уақыт өте келе, ЛГБТИК+ адамдар бұл сөзді өздерін мақтанышпен жеткізетін атау ретінде қолданылатындай деңгейге жеткізді. Солай болғанымен, ЛГБТИК+ адамдардың барлығы бірдей бұл сөзді өздеріне қатысты ұғым ретінде қолданбайды.
  • “+” белгісі бұл қысқартылған атау аталған ұғымдармен ғана шектелмейтіндігін, басқа да атауларды (асексуал, жендеркүийр, нонбайнари, пансексуал, тағы басқа) қолданатын адамдардың да бар екендігін көрсетеді.

 

Жыныстық бағдар туа бітті бола ма, әлде жүре пайда бола ма? Ол қашан байқалады?

Жыныстық (сексуалдық) бағдар дегеніміз инстинкт, яғни туада пайда болатын, адамның адамға тартылуы, ұнауы, ынтық болуы қатарлы қасиеттерін білдіретін ұғым.

Сексуалдық бағдар жыныстық мінез-құлық арқылы көрінуі де, көрінбеуі де мүмкін. Жыныстық бағдар көбінесе жыныстық жетілу кезінде байқалады.

Сексуалдық бағдар қандайбір сыртқы әсерлерден, мысалы, біреудің азғырып, кері тартуынан немесе құмарлықтан, қызығушылықтан, болып өзгермейді.

1973 жылы американдық Психологиялық қауымдастық гомосексуализмнің психикалық ауру емес екендігін анықтады, ал 1990 жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы гомосексуализмді халықаралық аурулар тізімінен алып тастады.

 

Жендерлік сәйкестілік туа бітті бола ма, әлде жүре келе пайда бола ма? Қашан байқалады?

Жендерлік сәйкестілік әр адамның өзінің жынысын, ағзасын сезінетін терең, туа бітті табиғи түйсінуі болғандықтан, бала өте кішкентай кезінен бастап, оны сезінеді әрі білдіріп, таныта алады. Жендерлік бағдар әдетте балаларда ерте жаста байқалады, бірақ транстың нақты қай жаста басталатынын көрсету мүмкін емес.

Өз жынысын туада белгіленген жынысымен бірдей деп ойлап, сезінетін, қоғамда өзін солай танытатын адамды сизжендер деп атайды, ал өз жынысын туада белгіленген жынысынан басқаша немесе қарсы түрде сезінетін және қоғамда өзін солай танытатын адамды трансжендэр дейді. Гормоналдық немесе хирургиялық тәсіл арқылы ауысудан өткен адамды транссексуал деп атайды.

 

2019 жылы 25 мамырда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) аурудың халықаралық топталуын жаңарту туралы ауқымды шешім қабылдады, сол шешім бойынша, бұдан былай трансжендер “психикалық ауытқушылық” тобына жатқызылмайтын болды.

 

Жыныстық бағдар мен жыныстық мінез-құлықтың айырмашылығы бар ма?

 

Жыныстық бағдар ынтықтық, құмарлық, ғашықтық, саналылық, сексуалдылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Ал сексуалдық мінез-құлық – бұл жай ғана жыныстық әрекет. Сексуалдық мінез-құлық, яғни әрекет жыныстық бағдарға негізделуі де, негізделмеуі де мүмкін. Жендерлік оқшаулану жағдайында, мысалы, шіркеу, әскери казарма, түрме сияқты жерлерде, гомосексуалдық әрекеттер жиі кездеседі, бұл жағдайға байланысты туындаған жыныстық мінез-құлық болып саналады. Мұндай жағдайларда гомосексуалистер өздерін ЛГБТ деп санамайды.

 

Моңғол елінде ЛГБТИК+ адамдарға деген қоғамдық көзқарас қандай?

 

Қоғамда жыныстық бағдар, жендерлік сәйкестілік, жендерлік сипат туралы, ЛГБТИК+ адамдардың құқығын қамтамасыз ету, қорғау, жалпы адам құқығы туралы ұғым, түсінік, ақпарат аз болғандықтан, теріс көзқарастар көптеп кездеседі. Теріс түсініктер мен қате көзқарастардан болып, ЛГБТИК+ адамдардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени құқықтары бұзылумен келеді.

 

ЛГБТИК+ адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау үшін не қажет?

Адам құқығы өзара тәуелділік, әмбебаптық және бөлінбеу деген үш кешенді принципке негізделеді. Адамдардың бір тобының құқығы келесі бір топтағы адамдардың құқықтарынан жоғары немесе төмен қарастырылмауы керек. Сондықтан «Қылмыс заңында» көрсетілген «Алалап, шеттету» қылмысы туралы таныстырып, насихаттау және мұндай қылмыстардың алдын алу арқылы азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру маңызды болып отыр. Әрбір адам алалап, шеттетілуден қорғалған және өзінің Негізгі заңмен кепілдендірілген құқығын шынайы түрде иеленуге құқылы.

 

Моңғол Мемлекетінің Үкімет орны ЛГБТИК+ адамдардың құқығын қамтамасыз ету, қорғау бағытында қандай істер атқарып отыр?

Моңғол Мемлекетінің Үкімет орны ЛГБТИК+ адамдардың құқықтық жағдайын жақсартып, олардың құқығын қамтамасыз ету және қорғау турал БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі мен Келісімшарттар комитетінен келтірілген нұсқау, кеңестерді жүзеге асыру үшін, қабылдап алды. Бұл – Моңғол Мемлекетінің Үкімет орны ЛГБТИК+ адамдардың құқығын қамтамасыз ету және қорғау міндетін әлем алдында мойындап, жауапкершілігіне алды деген сөз. 2017 жылы шілденің 1-інен жүзеге асырыла бастаған «Қылмыстық заңда» шеттетіп, алалау қылмыс деп көрсетілген.

 

Моңғол елінде ЛГБТИК+ қанша адам бар? Халық: «Соңғы жылдарда ЛГБТИК+ адамдар көбейіп барады» деседі?

Жыныстық азшылық кез келген мемлекеттің барлық халқының 10%-ын иеленеді деген қалыптасқан болжам сан бар. Әр қоғамда, әр ортада әртүрлі санның болуы сол мемлекетте адам құқығы қаншалықты деңгейде сақталғандығына, ЛГБТИК+ адамдар өздерін қаншалықты ашық түрде жария ете алатын мүмкіндікке тікелей байланысты. Мысалы: 2014 жылы Иранда жасалған зерттеу бойынша, «кәмелетке толған адамдардың 18%-ында бірдей жыныстық тәжірибелері бар» деген қорытынды жасалған. 2000 жылы АҚШ-ында жүрілген жалпы халықтық адам санағында, санақ сауалнамасына алғаш рет жыныстық бағдар туралы сауал енгізілді. 2010 жылғы санақ кезінде, сауалнама парағына бұл сауалды қайтадан енгізу арқылы, санақ қорытындысы бойынша, географиялық орналасуына қарамастан, ЛГБТИК+ адамдар әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық барлық ортада болатындығы дәлелденді. Ал Моңғол мемлекеті тұрғысынан айтар болсақ, соңғы жылдары ЛГБТИК+ адамдардың санының артуы олардың көбейіп кеткендігінен емес, бұрын жасырын, құпия өмір сүретін адамдардың ашыққа шығып, өз өмірлерін жария ете бастауларымен байланысты.

 

ЛГБТИК+ адамдардың құқығын насихаттау басқаларды еліктіріп, теріс бағытқа тәрбиелемей ме? Үнсіз, ешкімге айтпай жүруге болмай ма?

Әркім өзінің жас ерекшелігіне сай ақпарат іздеуге, алуға, басқаларға таратуға, сондай-ақ, басқаның құқығын бұзбайтындай жағдайда өзінің көзқарасын еркін жеткізуге құқылы екендігі Моңғол Мемлекетінің Негізгі Заңы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы фактлер және Моңғол Мемлекеті қатысқан халықаралық құқықтық нормалар арқылы кепілдендірілген. Қоғамда таптаурын болып қалыптасып қалған қате түсініктер шынайы, нақты ақпараттар арқылы түзетілетіндіктен, ЛГБТИК+ адамдардың құқығы, олардың өмірінде кездесетін түрлі кедергілер мен қиыншылықтар, нақты жағдайлар айтылуға тиісті. «Ақпарат бергеннен болып, біреу теріс жолға түседі» деген түсінік тумауға тиісті, өйткені жыныстық бағдар туада пайда болады, өзгермейді. Керісінше, ол туралы еш мәлімет білмеудің зияны өте көп. Мысалы: ЛГБТИК+ жасөспірімдер отбасындағыларға өзінің жыныстық бағдары, жендерлік сипаты жайында айтқаннан болып, отбасы тарапынан әртүрлі қысым, зорлыққа тап болуы қоғамда жыныстық азшылық туралы ақпарат, ұғым, түсініктің тым аз екендігіне тікелей байланысты.

 

ЛГБТИК+ адамдардың құқығы заңмен кепілдендірілген мемлекеттер. Олардың құқығы әлемнің қанша елінде қалай қорғалған?

Дүниежүзінің көптеген елдерінде жыныстық бағдарына, жендерлік сәйкестілік, сипатына қарай алалап, шеттетуге тыйым салған заң-қарарлар бар. Ондай елдердің қатарына Еуропа елдерінің барлығы, Латын Американың, Орталық және Солтүстік Американың ауданды елдері, Африканың бірнеше елі жатады. Ал Аргентина, Бельгия, Бразилия, Канада, Дания, Грийнландия, Финляндия, Франция, Исландия, Ирландия, Люксембург, Мексика, Голландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Словения, Шығыс Африка, Испания, Швед, Ұлы Британия, АҚШ, Уругвай мемлекеттерінде бірдей жыныстылардың үйленулері туралы заң қолданылатын болса, Андорра, Австралия, Австрия, Чили, Колумбия, Хорватия, Чехия, Эквадор, Эстония, Германия, Венгрия, Италия, Жапония, Лихтенштэйн, Мальта, Швейцария, Тайвань, Венесуэл мемлекеттерінде бірдей жыныстылардың үйленуімен тең дәрежедегі азаматтық неке үйлестірілген. Өкінішке орай, бірдей жыныстылардың өзара келісімі негізінде жасалатын жыныстық «мінез-құлықтарға» Иран, Судан, Сауд Арабиясы, Мавритания, Сомали және Нигерияның кейбір бөліктерінде өлім жазасы кесіледі.

 

СПИД-ті гей жастардың ауру дейді. Ол қаншалықты рас?

Бұл ауру 1980 жылдардың басында батыс елдерінде өте жылдам тарай бастаған кезде, гей және бисексуал жастар ортасында біршама байқалғандықтан, сол кезеңде «гей обасы» деген қате атау қалыптасты. Бірақ кейін бұл дерт қандайбір қатерлі жыныстық «мінез-құлықтан» болып, кез келген жастағы, кез келген жынысты, қандай да жыныстық бағдардағы, қысқасы, кімге де жұғуға болатын жұқпалы індет екендігі анықталды. Және соңғы жылдарда жасалған зерттеулерге қарағанда, бұл індет дамып келе жатқан елдерде қарсы жыныстық бағдардағы әйелдер мен еркектер арасында біршама тарағандығы анықталып отыр. Моңғол елінде гей, бисексуал еркектер мен транс әйелдер өз еріктерімен ақыл-кеңес алу, сараптама жасату шараларына тұрақты қатысатындықтан, жастар арасында, сырттай қарағанда, олардың көбі ауру жұқтырған сияқты көрінетіні шындық.

 

“Теңдік, мақтаныш күнішарасы не үшін қажет?

«ЛГБТИК+» дегенді мақтаныш етпек түгіл, өзін ашық түрде жариялай алатын ЛГБТИК+ адам өте аз. Бірақ барлық адам өз құқығын иелене алатындай мүмкіндікпен қамтамасыз етуге өкімет міндетті болғанымен, әр адам адам құқығын құрметтеуге міндетті. Барлық адам бірдей құқылы екендігін және ЛГБТИК+ адамдар Моңғол мемлекетінің жалпы халқының тарихи бір бөлігі болып келгендігін, әрі қарай да бола беретіндігін түсіндіретіндей халық бұқараның адам құқығы туралы білімдерін шыңдауға бағытталған іс-шаралар маңызды болып табылады.

 

“Теңдік, мақтаныш күні” Моңғол елінде неше рет аталып өтті?

Алғаш рет 2013 жылы 22-28 қыркүйек арасында “Мақтаныш апталығы”, 2014 жылы “Теңдік. Мақтаныш күндері” деген атпен ұйымдастырылды. Жыл сайын тамыз айының соңғы аптасында аталып өтіледі және адам құқығын қолдаушылар мен ЛГБТИК+ көпшіліктің асыға күтетін даталы күндері белгіленіп өткізіледі.

 

ЛГБТИК+ адамдардың халықаралық мейрамдары, даталы күндері бар ма?

  • Наурыз айы түгелдей Ұлы Британияның ЛГБТИК+ (-терінің) тарихи айы
  • 1 наурыз «Алалап, шеттету мүлде жоқ күн»
  • 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні»
  • 31 наурыз «Халықаралық транс жағдайын түсіну күні»
  • 26 сәуір «Лесбияндықты түсіну күні»
  • 17 мамыр «Халықаралық гомофобия, бифобия, трансфобияға қарсылық күні»
  • Маусым айы тұтастай АҚШ, Ұлы Британия, Канада, Франция тағы басқа мемлекеттерде «Мақтаныш айы»
  • 14 шілде «Халықаралық нонбайнари күні»
  • Тамыз айының соңғы жұма күнінен бастап Моңғол елінде «Теңдік. Мақтаныш күндері»
  • 23 қыркүйек «Халықаралық бисексуалдықты түсіну күні»
  • 11,12 қазан «Ұлттық Камин аут күні»
  • Қазан айы түгелдей АҚШ-ның ЛГБТИК+ (-терінің) тарихи айы
  • 26 қазан «Интерсексті түсіну күні»
  • 20 қараша «Трансжендер адамдарды еске алу күні»
  • 1 желтоқсан «Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні»
  • 10 желтоқсан «Халықаралық адам құқығы күні»

«ЛГБТ Орталығы» Үкіметтік емес ұйымының болашақ жоспары, бағдарламалары мен ісқызметі

Қоғамға қызмет ететін үкіметтік емес «ЛГБТ Орталығы» 2009 жылдан бері жыныстық азшылық болып саналатын лесбиян, гей, бисексуал, трансжендер, интерсекс, күийр және басқа адамдардың құқығығымен айналысатын Моңғолиядағы алғашқы бірден-бір ЛГБТИК+ адамдардың құқықтық ұйымы болып табылады.

 

Моңғол Мемлекетінде адам құқығына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, қолдау, ЛГБТИК+ адамдар мен жыныстық бағдар, жендерлік сәйкестілік, жендерлік сипат туралы орын алған қате ақпараттар мен теріс түсініктерді арылтып, түзету үшін, көпшілікті дұрыс, шынайы, нақты ақпаратпен қанымдау аса қажет болып отырған қазіргі кезде мәдениет, өнер құралдары арқылы адамдарға ақпарат жеткізу өте маңызды болмақ. Сондықтан «ЛГБТ Орталығы» 2014 жылдан бастап өнер мен мәдениетті қолдаудың стратегиялық бағытын айқындап, жылына бір рет визуал өнерпаздар ортасына сайыс, байқаулар жариялап, 2013 жылдан барша халықтың адам құқығы жайындағы білімдерін жетілдіруге арналған “Теңдік. Мақтаныш күндері” шарасын ұйымдастырып келеді. «ЛГБТ Орталығы» 2015 жылдан бастап ішкі құрылымдық өзгерістер жасап, «Құқықтану», «Денсаулық», «Жастар» деген арнайы бағдарламалар аясында Моңғолиядағы жыныстық азшылықтың құқығын қорғау мәселесі бойынша іс-қызмет жүргізіп келеді.

 

«ЛГБТ Орталығы» 2008 жылдан бері Моңғолиядағы ЛГБТИК+ адамдардың жағдайы туралы баяндамалар әзірлеп, төмендегі халықаралық ұйымдарға жолдады.

  • БҰҰ-ның Адам құқығы комитетінің Адам құқығына қатысты тұрақты әрі жалпылық талқылауына (2010, 2015 және 2019 жылы);
  • Әйелдерді алалаудың барлық түрін жою туралы келісімшарт комитетіне (2008, 2016 жылы);
  • Қылмыстық сотқа қарсы комитетке (2011, 2016 жылы);
  • Экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар комитетіне (2015 жылы);
  • Азаматтық және саяси құқық комитетіне (2011, 2016 жылы);
  • Балалар құқығы комитетіне (2017 жылы);

 

Моңғол Мемлекетінің заңқарар, тәртіпережелерінде ЛГБТИК+ адамдарды алалап, шеттетуден қорғау мәселесінің үйлестірілуі:

2017 жылы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылған Моңғол Мемлекетінің «Қылмыс заңында»:

14.1-бап. Алалап шеттету

 

  1. Адамды ұлты, руы, тілі, нәсілі, жасы, жынысы, әлеуметтік тегі, жағдайы, дәулеті, кәсібі, қызметі, лауазымы, діні, көзқарасы, білімі, жыныстық, жендерлік бағдары, денсаулық жағдайына қарай алалап, шеттетіп, құқығы мен бостандығын шектейтін болса, төрт жүз елу бірліктен бес мың төрт жүз бірлікке тең төгрөг көлемінде айыппұл салу немесе екі жүз қырық сағаттан жеті жүз жиырма сағатқа дейін қоғамға пайдалы жұмыс істету, я болмаса бір айдан бір жылға дейінгі мерзімде жол жүру құқығын шектеу қатарлы айып салынып, жаза жүктетіледі.

/Бұл бөлікке 2017 жылы 11 мамыр күнгі заң бойынша өзгерту енгізілді/

  1. Аталмыш қылмысты:

2.1. топпен жасаса;

2.2. күш қолданған болса;

2.3. лауазым иесі өзінің мансабын, билігін, құқығын, ықпалын теріс пайдалана отырып, жасаған болса, бес мың төрт жүзден жиырма жеті мың бірлікке тең төгрөг көлемінде айыппұл салу немесе бір жылдан бес жылға дейін жол жүру құқығын шектеу я болмаса бір жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қатарлы жаза түрлері қолданылады.

 

  1. Ауырлататын жағдайлар

Көзқарасына, нәсіліне, ұлтына, руына, дініне, жыныстық, жендерлік бағдарына қарай жеккөрушілікпен жасалған кейбір қылмыстар бойынша ауырлататын жағдай ретінде енгізілген.

 

Трансжендер адамдардың құқығын қамтамасыз ету үшінгі үйлестірулер:

14-бап. Жынысын өзгертуді тіркету

14.1. 18 жасқа толған азамат жынысын өзгерткенін Мемлекеттік Азаматтық тіркеуге тіркететін болса, төмендегі құжаттарды әзірлеп, Мемлекеттік тіркеу ісін жауаптанған мемлекеттік әкімшілік мекемесіне денелей барып, тіркетеді:

14.1.1. өтініш;

14.1.2. төлқұжат, тууы туралы куәлік;

14.1.3. денсаулық сақтау мекемесінен алынған жынысын өзгерткендігін растайтын құжат;

14.2. аталмыш заңның 14.1-інде көрсетілген құжатқа төмендегі құжаттардың ішінен қай сәйкесетіні қосымша ретінде тіркеледі:

14.2.1. некенің бұзылғандығын растайтын құқықты мекеменің шешімі;

14.2.2. баланың әке\шеше\-сінің атын өзгерту керек болса, әке\шеше\-сінің өтініші;

14.2.3. баланың тууы туралы куәлігі;

14.3. Мемлекеттік тіркеуші аталған заңның 14.1, 14.2-де көрсетілген құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, жұмыстың 7 күнінің ішінде жыныс ауыстыру туралы тіркеу қозғалтады.

Сондай-ақ, төменде айтылған қызметкерлердің әдеп ережелерінде жыныстық бағдарына, жендерлік сәйкестілігі мен жендерлік сипатына қарай алалап, шеттетпеу туралы көрсетіліп, жүзеге асырылып отыр. Мәселен,

  • Денсаулық сақтау мекемелерінің маманы өзінің іс-қызметінде әділеттілік, заңды құрметтеу, теңдік, алалап, шеттетпеу, жауапкершілік жүктеу, даяшылық көрсету принциптерін ұстанады. (Аурухана мамандарының әдеп нормалары, Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 25 қараша күнгі №446 бұйрығының 1-қосымшасы). «Алаламау, шеттетпеу» деп Моңғол Мемлекетінің Негізгі заңының 2-інде көрсетілгеннен басқа, сыртқы бейнесіне, денсаулық жағдайына, жыныстық бағдары, жендерлік сәйкестілігіне, жалпы халықтың белгілі бір тобына жататындығына қарай шеттетпеу айтылған (Аурухана мамандарының әдеп нормалары);
  • Азаматтардың денсаулық жағдайы, сырқатының түрі, өмір сүретін ортасы, жасы, жынысы, білімі, жыныстық бағдары, ұлты, руы, тегі, тілі мен мәдениетінің ерекшелігіне қарамастан, барлығына бірдей қызмет көрсету (Тірек ұстаным, Дәрігери көмек, қызмет саясатын бекіту туралы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 24 ақпан күнгі №55 бұйрығының қосымшасы)
  • Денсаулық сақтау министрлігі: 2013, 2014 жылдардағы саланы дамыту саясаты мен сала мамандарының әдебінде алалап, шеттетуге қарсы принцип қамтылған;
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметкерінің әдеп ережесі (Моңғол Мемлекетінің Үкімет орнының 2010 жылға №288 қаулысының қосымшасы, 5-баптың 5.2.3-інде көрсетілуі бойынша);
  • Полиция қызметкерінің әдеп ережесі (Полиция Бас басқармасы бастығының 2011 жылғы №598 бұйрығының қосымшасы, 4-баптың1.2-сінде көрсетілуі бойынша);
  • Баспасөз, ақпарат әдебінің ұстанымдары (Баспасөз, Ақпарат кеңесінің Әдеп комитеттерінің 2015 жылғы 14 сәуір күнгі біріккен отырысының бірінші қаулысының қосымшасы);
  • Сот шешімін орындау ұйымы қызметкерінің әдеп ережесі («Жалпы сипаты бойынша алалап, шеттетпеу» деп көрсетілген);

 

«ЛГБТ Орталығына» адамдар қаншалықты көп хабарласады?

Соңғы жылдары өздеріне қажетті ақпарат, білім алу үшін жеке адамдар, студенттер мен оқытушылар көптеп келетін болды.

Өзінің және аға, әпке, бауырларының жыныстық бағдары, жендерлік сәйкестік, жендерлік сипаты жайында толық мағлұмат алғысы келетін адамдар, сондай-ақ, жыныстық бағдар, жендерлік сәйкестік, жендерлік сипаттан болып адам құқығы бұзылған жағдайда, психологиялық, құқықтық қолдау, көмек алу үшін хабарласатындар өте көп.

2019 жылдан кейін жеке адамдардың демеушілігінің арқасында ерікті қызметкерлер кеңселі болып, көпшілікпен бұрынғыдан да ашық қатынаса алатын болды.

 

«ЛГБТ Орталығымен» байланыс:

Телефоны: 77110323

Имэйл: info@lgbtcentre.mn

Фэйсбүүк адресі: The LGBT Centre (Mongolia)

Instagram: @lgbtcentre.mongolia

Вэбсайт: www.lgbtcentre.mn

Орчуулсан: Б.Ардак, философич, эрх зүйч. Бүх нийт боловсролын төлөө!” Иргэний нийгмийн үндэсний эвсэлийн салбарын зохицуулагч.

Редакторлосон:  Б.Ардак, философийн магистр. Бүх нийт боловсролын төлөө!” Иргэний нийгмийн үндэсний эвсэлийн салбарын  зохицуулагч.

ardakbarun@gmail.com